Темір аудандық көркемсурет мектебі оқу жылының аяқталуына орай «Жас дарын – ел ертеңі» атты салтанатты жиын өткізді. Шара барысында оқу жылы бойы шығармашылық жетістіктерімен көзге түскен шәкірттер марапатталып, өнерлі оқушылардың еңбектері жоғары бағаланды. Кеш мерекелік көңіл-күймен өтіп, жас таланттарға шабыт пен көтеріңкі рух сыйлады.
@temir_bilim_bolimi