«тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры»
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай Темір аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық көркемсурет мектебінің ұйымдастыруымен 15 желтоқсан күні сурет өнері байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты - өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту, жас жеткіншектердің Отанға, ел тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін дәріптеу, сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен патриоттық рухты бейнелеу арқылы жастардың көркемдік талғамын қалыптастыру.
Байқау барысында қатысушылар Тәуелсіздік тақырыбын өз қиялымен бейнелеп, ел бірлігі, бейбітшілік пен болашаққа деген сенімді сурет өнері арқылы көрсете білді. Қазылар алқасының шешімімен үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және алғысхаттармен марапатталды.
#aqtobejastary #temirjastary
@madeniet__aqparat__ministrligi
@aida_balayeva
@kochetov_eugene
@aqtobe_oblysy_akimdigi
@zholdas_nurlanuly
@jasaqtobe1
@turalievalimbek
@samgat_artigalin
@temir_sayasat
@bakhytkyzymyn
@n.zhangeldi