«тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ»
2026 жылғы 23 ақпанда Темір ауданының полиция бөлімі мамандары мен Темір аудандық көркемсурет мектебі бірлесіп, маңызды әлеуметтік тақырыпта сурет байқауын өткізді.
Байқаудың басты мақсаты – балалардың шығармашылығы арқылы қоғамда зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, адамгершілік пен қауіпсіз орта құндылықтарын насихаттау.
Қатысушылар өз ойларын сурет арқылы әсерлі жеткізе білді. Әрбір жұмыс – бейбіт өмірге үндеу
Байқау нәтижесі бойынша үздік деп танылған оқушылар марапатталып, Темір ауданының полиция бөлімі атынан арнайы сыйлықтарға ие болды.
@temir_bilim_bolimi