Республикалық «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты акциясы аясында Темір ауданы полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы инспекторларының ұйымдастыруымен Темір аудандық көркемсурет мектебінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сурет байқауы өтті.
Мақсаты: Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, балалардың қауіпсіз ортада өмір сүру құқығын түсіндіру, зорлық-зомбылықтың алдын алу, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету және салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойы мен сезімін сурет арқылы еркін жеткізуіне мүмкіндік беру.