«Наурыз – жыл басы» аудандық сурет байқауы қорытындыланды
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының қолдауымен «Мәдени Мұра» акциясы аясында және «Темір аудандық көркемсурет мектебі» МКҚК – ЮНЕСКО клубының ұйымдастыруымен 10-17 наурыз аралығында жас талантты суретшілер арасында «Наурыз – жыл басы» атты аудандық сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарын дәріптеу, Әз-Наурыз мейрамының мән-мағынасын насихаттау, сондай-ақ жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау.
Байқау жеңімпаздары
7-10 жас аралығында:
І орын: Манарбек Әмина (Сарыкөл ЖОББМ)
ІІ орын: Сағындықова Айзере (Сарыкөл ЖОББМ), Кадралина Айшат (Қопа ЖОББМ)
ІІІ орын: Айдынқали Раяна (№1 ШМГ), Хабибулла Айша (№2 қазақ-орыс ЖОББМ), Садуақас Алихан (№2 қазақ-орыс ЖОББМ)
11-14 жас аралығында:
Бас жүлде: Ыбраева Қарақат (№2 ЖОББМ)
І орын: Төреханова Тоғжан (№2 ЖОББМ), Қалдымұрат Мейірхан (Қопа ЖОББМ)
ІІ орын: Жанпейіс Карима (№1 ШМГ), Асылбек Айару (Шұбарши ЖОББМ)
ІІІ орын: Уразгулов Аманжан (№2 ЖОББМ), Маренова Інжу (Сартоғой НОМ), Базарғали Нұрай (№2 ЖОББМ)
15-17 жас аралығында:
ІІІ орын: Балғазы Айкөркем (№1 ШМГ)
Байқаудың барлық қатысушылары Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы мен Темір ауданының білім бөлімінің басшысының арнайы «Алғыс хатымен» марапатталады.
Барлық жүлдегерлерімізді жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жас дарындарымыздың өнері өрге жүзіп, шығармашылық биіктерден көріне беруіне тілектеспіз.
#madenimura #madenimuraaktobe
@unescoclubs_kz
@temir_bilim_bolimi