Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«Темір аудандық көркемсурет мектебі» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекекттік мекемесі
Жүгіру жолы
«Темір аудандық көркемсурет мектебі» МКҚК
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» мемлекекттік мекемесі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«менің көп ұлтты қазақстаным»

Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай Темір аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық көркемсурет мектебінің ұйымдастыруымен «Менің көп ұлтты Қазақстаным» атты сурет байқауы өтті.

Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту, Қазақстандағы ұлттар достығы мен бірлігін дәріптеу, сондай-ақ отансүйгіштік сезімін қалыптастыру болды.

Байқауға мектеп оқушылары белсенді қатысып, өз туындылары арқылы еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт-дәстүрін және бейбіт өмірін бейнеледі. Қатысушылардың жұмыстарынан олардың қиялының ұшқырлығы, өнерге деген қызығушылығы мен ерекше талғамы айқын көрінді.

Шара соңында оқушыларға алғыс хаттар мен дипломдар табысталып, арнайы сыйлықтар берілді