«әке - ұлттың тірегі»
19 маусым күні Темір аудандық музейінде «Әкелер күні» мерекесіне орай «Әке - ұлттың тірегі» атты кездесу-көрме өтті.
Кездесуге Темір аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Салиманов, теміржол саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы А.Қонаев, сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардақты еңбек ардагерлері, ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосқан әкелер Б.Қойшыбаев, Б.Дәндібаев, Ж.Жабасов, Н.Нағметкалиев, Т.Едигенов, Ж.Сәбен және Темір аудандық көркемсурет мектебі жанынан құрылған жазғы «Шаттық мекені» лагерінің оқушылары қатысты.
Кештің «Сұхбат алаңы» айдарында шара қонақтары өзінің еңбек жолын, елге қызмет етудегі қиындықтар мен қызықты сәттердегі естеліктерден әңгіме өрбітіп, бала тәрбиесіндегі әкенің орны мен маңыздылығы, әкелердің қамқорлығы, отбасындағы міндеттері туралы алтын қағидаларымен бөлісті.
Шараға қатысушы балалар Шәкәрім Құдайбердіұлы, Қадыр Мырза Әлі, Мұзафар Әлімбаев секілді ақын-жазушылардың «Әке» тақырыбындағы өлеңдерін оқып, қазақ тұрмысындағы әке рөлінің маңызын ашты, ал, Нұрпейіс Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкері А.Қуатов «Әке» туралы әсем әнмен шашу шашты.