Темір аудандық көркемсурет мектебінде “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында күздің берекесін арттырып, бірлік пен ынтымақты дәріптейтін мектепішілік «Күзгі асар» жәрмеңкесі өтті!
Жәрмеңке барысында оқушылар өз қолдарымен дайындаған түрлі дәмді тағамдарын ұсынып, өзара сауда жасау арқылы кәсіпкерлікке алғашқы қадамдарын жасады. Бұл іс-шара балалардың шығармашылығын шыңдап қана қоймай, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және ұйымшылдыққа баулыды.
Күз – молшылықтың мезгілі, ал асар – бірліктің белгісі!
Береке бар жерде – мереке бар!
Іс-шарамызға атсалысқан барлық оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздарға алғысымызды білдіреміз!