5 ақпан күні Темір аудандық көркемсурет мектебінде қосымша білім беру ұйымдары арасында тірек және магниттік мектептер педагогтеріне арналған «Бейнелеу өнері сабақтарында ЖИ қолдану» тақырыбында аудандық воркшоп ұйымдастырылды.
Мақсаты: магниттік мектеп мұғалімдерінің білімін тереңдету, әдістемелік қолдау көрсету, кәсіби дамуына бағыт беру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.
Іс-шараға Темір аудандық оқушылар үйі, Шұбарқұдық және Кенқияқ музыка мектептерінің директорлары мен педагогтері қатысты.
Воркшоптың ашылуында Темір ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері - Ғ.И.Болғанбай алғы сөзін сөйлесе, магниттік мектептер желісінің үйлестірушісі - Шұбарқұдық гимназиясының директоры - Б.А.Имангалиев шараның маңыздылығына тоқталды.
Воркшоп басталмас бұрын мектеп директоры - А.А.Рамазан қатысушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды.
Бағдарлама барысында:
А.О.Ғаббас – «Ғажайыптар алаңы» ойынын өткізді
А.Т.Макашева – «Сенім – команда негізі» тренингін ұйымдастырды
Э.Б.Исенкулова – «Жасанды интеллект: комикс суреттер» тақырыбында ЖИ арқылы сурет салу тәсілдерін көрсетті
Ш.О.Габдуллина – «Этно түйреуіш» шеберлік сабағын ұсынды
Іс-шара соңында қатысушылар QR код арқылы кері байланыс берді.
Воркшоп педагогтерге сабақты жаңа форматта ұйымдастыруға, тәжірибе алмасуға және шығармашылық ізденісті дамытуға үлкен серпін берді.
@temir_bilim_bolimi
@shubar.gimnazia