Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Темір аудандық көркемсурет мектебінің ұстаздары 14 наурыз – Көрісу күнін ерекше ықыласпен қарсы алды.
Бұл күн – амандық сұрасып, төс қағыстырып, ізгі тілек пен сыйластықты дәріптейтін ұлттық дәстүріміздің жарқын көрінісі.
Ұжым бір-біріне ақжарма тілектерін арнап, татулық пен бірліктің, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің маңызын тағы бір мәрте айшықтады.
Көрісу күні құтты болсын! Әр шаңыраққа амандық, молшылық, береке мен қуаныш тілейміз!
#nauryzdigitalaqtobe2026
#наурызнамаақтөбе2026