Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 30-ы күні Темір аудандық көркемсурет мектебінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған ауада қататын ермексаздан пицца жасау шеберлік сабағы өтті.
Шеберлік сабағында оқушылар түрлі түсті ермексазбен жұмыс жасап, қиялдарын іске қосып, өз қолдарымен ерекше «пиццалар» жасады.
Балалардың қызығушылығы мен шығармашылық көңіл-күйі ерекше әсер қалдырды!
Шеберлік сабағын өткізген: кескіндеме пәнінің мұғалімі Макашева А.Т.