18 мамыр күні аудандық музейде өткен “Жаңарған музей - жаңғырған тарих” атты мәдени іс-шарасында оқушылар өздерінің шығармашылық туындыларын көпшілік назарына ұсынып, сурет салу өнері арқылы ерекше әсер сыйлады. Жас суретшілердің еңбектері көрермендердің қызығушылығын арттырып, өнерге деген сүйіспеншілікті дәріптеді. Кеш соңында оқушылар мен жетекшілері марапатталды.